Сотта «КазТрансГаз Аймак» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша департамент нұсқамаларының күшін жою жөніндегі арызы қаралды

Сотта «КазТрансГаз Аймак» АҚ-ның Қызылорда облысы бойынша департамент нұсқамаларының күшін жою жөніндегі арызы қаралды

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен 2020 жылғы 24 және 25 ақпанда «КазТрансГаз Аймак» АҚ-ның «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 26-бабы 2-тармағының 4), 5), 6) тармақшаларында белгіленген, тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметке қолжетімділіктің тең жағдайларын ұсыну жөніндегі 6 нұсқаманың (05.11.2019ж №38, №39, 12.11.2019ж №49, 28.11.2019ж №56, 30.12.2019ж №76, №84) күшін жою туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің  Қызылорда облысы бойынша департаментіне қойылған талабы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сотпен талапкер - «КазТрансГаз Аймак»  акционерлік  қоғамының талабы қанағаттандырусыз қалдырылды.