
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен 2020 жылдың 28 ақпанында «Энергосервис» ЕЖШС-нің электр энергиясымен жабдықтау қызметі үшін орташа босату бағасы 1 кВт.сағатқа ҚҚС-сыз 15,89 теңге немесе субъектінің жобалық орташа босату бағасымен салыстырғанда 8,8 пайызға төмендетіліп келісілді, 2020 жылдың 5 наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі, оның ішінде 1 кВт.сағатқа ҚҚС-сыз:
- тұрғындар үшін орташа босату бағасы - 14,20 теңге немесе жобалық бағамен салыстырғанда 2,3 пайызға төмендетіліп,
1 деңгей 1 айға 1 адамға 70 кВт.сағатқа дейін - 13,45 теңге,
2 деңгей 1 айға 1 адамға 70 кВт. сағаттан 150 кВт.сағатқа дейін - 17,04 теңге,
3 деңгей 1 айға 1 адамға 150 кВт.сағаттан жоғары - 21,30 теңге;
- заңды тұлғалар үшін орташа босату тарифі - 17,87 теңге немесе жобалық бағамен салыстырғанда 14,2 пайызға төмендетіліп, оның ішінде:
бюджеттік мекемелер үшін - 25,61 теңге,
басқа тұтынушылар үшін - 15,89 теңге.
Өзгертудің негізгі себептері: электростанциялармен өндіретін электр энергиясы құнының 5,7 пайызға, электр қуаты нарығында жүктемені көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша көрсететін қызметі құнының 30,4 пайызға және «КЕГОК» АҚ-ның желілері бойынша электр энергиясын беру бағаларының 12,1 пайызға өсуі болып табылады.