
2020 жылғы 28 ақпанда Қазақстан РеспубликасыҰлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департамент басшысы Нурлан Бакитжанович Джалгасбаев Көкшетау қаласында қала әкімінің орынбасары С.С.Шабаровтың және табиғи монополиялар субъектілерінің қатысуымен тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдау өткізді.
Тұтынушыларды қабылдау кезінде электрмен, сумен және жылумен қамтамасыз ету қызметтері туралы сұрақтар қойылды.
Қоғамдық қабылдауға ЖАО және «Нұр Отанның» өкілдері қатысты.
2 тұрғын - Сыздықова Т.К., Сагадиева С.К. өтініш білдірді.
Барлық сұрақтарға Департамент басшысы толық жауап берді.