
2020 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Электржабдықтау» ЖШС-нің Ағадыр елді мекені бойынша жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау қызметіне бағаның алдағы уақытта өсетіні туралы хабарландыруды қарастыру бойынша жария тыңдау өткізілетіндігін хабарлайды.
Өтініш Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министірі 2019 жылғы 19 қарашадағы №90-НҚ тарифтерді белгілеу Ережесiнің 5 тарауының 2 бөлімі 302 тармағына сәйкес ұсынылған.
Жария тыңдау 2020 жылғы 6 наурызда сағат 14-30-де Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ағадыр кенті, Т.Қазақстан көшесі 3, «Ағадыр кенті әкімі аппаратының» ММ-нің ғимаратында өтеді.
Жария тыңдауға қатысуға мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік органдар, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдары, табиғи монополиялар субъектілері шақырады.
Департаменттың байланыс телефоны: 8 (7212) 41-18-27, 41-34-24.
«Электржабдықтау» ЖШС -нің байланыс телефоны : 8(71033)2-76-98.