Қарағанды облысының Шет ауданында «Электржабдықтау» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізіледі

Қарағанды облысының Шет ауданында «Электржабдықтау» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізіледі

2020 жылғы 6 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Электржабдықтау» ЖШС-нің Ақсу-Аюлы ауылына және Ағадыр кентіне жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және онымен жабдықтау қызметіне бағаның алдағы уақытта өсетіні туралы хабарландыруды қарастыру бойынша жария тыңдау өткізілетіндігін хабарлайды.

Өтініш Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министірі 2019 жылғы 19 қарашадағы №90-НҚ тарифтерді белгілеу Ережесiнің 5 тарауының 2 бөлімінің 303 тармағына сәйкес ұсынылған.

Жария тыңдау:

2020 жылғы 6 наурызда сағат 10-00-де  Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай Жырау көшесі 24, «Шет ауданы әкімі аппараты» ММ-нің ғимаратында;

        2020 жылы 6 наурызы сағат 14-00де  Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ағадыр кенті, Тәуелсіз Қазақстан көшесі 3, «Ағадыр кенті әкімі аппараты» ММ-нің ғимаратында өтеді.

Жария тыңдауға қатысуға мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік органдар, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдары, табиғи монополиялар субъектілері шақырады.

Департаменттың байланыс телефоны: 8 (7212) 41-18-27, 41-34-24.

«Электржабдықтау» ЖШС -нің байланыс телефоны : 8(71033)2-76-98.