
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті 2020 жылғы 2 наурызда «Шатл» ЖШС-ның көрсетілетін бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметіне тарифтерді мен тарифтік сметаларды бекітуге берілген өтінімді талқылау бойынша жария тыңдау өткізді.
Жария тыңдауға тарифтік саясат жөніндегі кеңестің Өңірлік комиссиясының мүшелері және тұтынушылар қатысты.
«Шатл» ЖШС-нің басшысы М.И. Мацаков осы қызметі бойынша тарифтің жоғарлау дәлелдігі туралы баяндама жасады.
Өткізілген жария тыңдаудың қорытындысы бойынша, айтылған сын-ескертпелерді, ұсыныс-пікірлерді ескере отырып, Департаментпен 2020 жылдың 12 наурыздағы шешімі қабылданатын болады.