Қызылорда қаласының тұтынушылары үшін қоғамдық қабылдау өткізіледі

Қызылорда қаласының тұтынушылары үшін қоғамдық қабылдау өткізіледі

2020 жылғы 3 наурызда 15.00-18.00 сағат аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Nur-Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы, «Атамекен» ҰКП Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы, жергілікті атқарушы органдардың, бұқаралық ақпарат құралдары және табиғи монополия субъектілері өкілдерінің қатысуымен тұтынушылардың проблемалық мәселелерін сол жерде кешенді шешу үшін тұтынушылар үшін қоғамдық қабылдау өткізеді.

Қоғамдық қабылдаудың өтетін орны: Қызылорда қаласы, Жахаев көшесі 5, 1-қабат, Департамент ғимаратының мәжіліс залы.

Анықтама телефондары: 8 (7242) 26-22-93, 26-23-67.