Қызылорда облысының Теренөзек кентінде қоғамдық қабылдау өткізілді

Қызылорда облысының Теренөзек кентінде қоғамдық қабылдау өткізілді

2020 жылғы 28 ақпанда «Nur-Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалы ғимаратында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Г.Өтегенова «Nur-Otan» партиясы Сырдария аудандық филиалы, «Атамекен» ҰКП Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы, жергілікті атқарушы органдардың, бұқаралық ақпарат құралдары және табиғи монополия субъектілері өкілдерінің қатысуымен тұтынушылар үшін қабылдау өткізді.

Қабылдауда Тереңөзек кенті тұрғындарының суды бұру қызметінің тарифі, Теренөзек кентін газбен қамтамасыз ету жобасына кірмей қалған үйлерді газбен қамтамасыз ету, газ бағасының қалай реттелетіні туралы және көп балалы жанұяларға үйді газбен жабдықтау желілеріне қосуға жеңілдіктер қарастыру туралы сұрақтары талқыланып, толыққанды түсіндірмелер берілді.