«Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы» МКК және «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ қызметтеріне жоспардан тыс тексерулер ашылды

«Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы» МКК және «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ қызметтеріне жоспардан тыс тексерулер ашылды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті Н.В. Медведева, А.И. Нурсаитова Қостанай қаласы тұрғындарының ұжымдық өтініштері және «Нугманова В.Н.» ЖК өтініші негізінде жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметтер үшін төлем ақыны есептеу заңдылығы және реттеліп көрсетілетін қызметтер көрсетудің сапасы туралы мәселесі бойынша «Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы» МКК қызметіне жоспардан тыс тексеру ашты.

Сондай-ақ, «Центр промышленной безопасности «Защита» ЖШС және «AVENTEL KZ» ЖШС өтініштері негізінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу жүзеге асыру тәртібін сақтау мәселесі бойынша «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ қызметіне жоспардан тыс тексеру ашылды.