
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК-ның магистральдық құбырлар арқылы реттелетін сумен жабдықтау қызметі бойынша тарифті және тарифтік сметасын бекіту туралы жария тыңдау өткізетіндігін хабарлайды.
Жария тыңдау 2020 жылғы 27 наурызда сағат 15.00-де мына мекенжайда өтеді: Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Сабынды а., А.Құнанбаев көш. 24, М.Үсенов атындағы орта мектеп.
Анықтама телефондары: 8-701-881-11-40; 8-701- 333-99-07.
Департамент телефоны: (87162)50-43-63.
Осыған байланысты, реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер жобаларын талқылау үшін депутаттарды, мемлекеттік органдарды, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және табиғи монополиялар субъектілерін шақырамыз.