
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы Ерболат Дүйсембиев 2020 жылғы 27 ақпан күні Жамбыл ауданының Аса ауылында табиғи монополиялар субъектілері және БАҚ өкілдерінің қатысуымен тұтынушылардың қабылдауын өткізді.
Қабылдау барысында электр қуатымен және газбен қамтамасыз ету қызметтері бойынша сұрақтар қойылды. Азаматтарды қабылдауда 12 адам қатысты.
Барлық келіп түскен сұрақтар бойынша Департамент басшысы Ерболат Дүйсембиев толық жауаптар берді.