Жамбыл облсының департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді іске асыру және әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша жалпы құқықтық оқу өткізді

Жамбыл облсының департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді іске асыру және әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша жалпы құқықтық оқу өткізді
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуді іске асыру және әдеп нормаларын сақтау бойынша жалпы құқықтық оқуы өткізілді.

 Жалпы құқықтық оқуға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Руслан Шалимович Шарипов қатысып, дәріс оқыды.

Дәріс барысында мемлекеттік қызметшілер жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге тиіс екендігі жөнінде айтып, түсіндірді.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларының талаптарын бұзудың, атап айтқанда, жол жүру ережелерін бұзу, қоғамдық орындарда ішімдік ішіп жүру құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны ескертілді.

Оқу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстар туралы, мемлекеттік қызметтегі реформалар, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін тағайындалатын жазалар түрлері және т.б. мәселелері талқыланды.

Департамент  қызметкерлері барлық қойылған сұрақтарына толық жауаптар алды.