
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Оңтүстік Энергосервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынының электр энергиясын беру қызметіне тарифін және тарифтік сметасын бекітуге өтінім келіп түсті.
Субъектінің жобасы бойынша ҚҚС есепке алмағанда тарифі 5,42 теңге/квт.сағ.
Қазіргі таңда МКК-ның өтінімі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы №90 бұйрығымен бекiтiлген «Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Ережесiне сәйкес қаралуда.