
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі» АҚ, «Рудный Су арнасы» ЖШС, «Железорудная ЖЭК» МКК, «Рудненская теплосеть» ЖШС, «Рудненская ЭнергоКомпания» ЖШС, «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалы, «Нұр Отан» партиясының Рудный қалалық филиалы, Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы қатысуымен коммуналдық саланың проблемалық мәселелері бойынша тұтынушылардың қоғамдық қабылдауын өткізуді жоспарлап отыр.
Тұтынушыларды қабылдау 2020 жылғы 3 наурызы күні сағат 17:00-де Рудный қаласы, Космонавтов көшесі, 12 үй мекенжайы бойынша өтеді.
Осыған байланысты, Департамент Қостанай қаласының тұрғындарын және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.
Әрбір қатысуға қалаушы тұтынушы ретінде өзінің құқықтары туралы және өзге де саладағы мәселерді шешу жолдары бойынша түсіндірме алуға болады.
Анықтама үшін телефоны: 8 (7142) 53-52-40.