
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Петропавл Жылу Жүйелері» ЖШС, «Солтүстік Қазақстан РЭК» АҚ, «Қызылжар су» ЖШС, «Севказэнергосбыт» ЖШС, «Оңтүстік-Орал темір жолы» ФМБК» Петропавл бөлімшесі» еншілес кәсіпорны» табиғи монополия субъектілерінің өкілдерімен бірлесіп, көрсетілген субъектілердің қызметін тұтынушыларды жылу-, электр-, сумен жабдықтау және сарқынды суды бұру салаларының проблемалық мәселері бойынша қабылдау жүргізеді.
Қоғамдық қабылдау 2020 жылғы 3 наурыз күні сағат 15.00-мен 18.00 аралығында Петропавл қаласы, Парковая көшесі, 57 «В», 347 кабинет мекенжайында өтеді.
Қабылдауға Петропавл қаласының тұрғындар мен басқада мүдделі тұлғалар шақырылады.
Толық ақпаратты 8 (7152) 53-37-26 телефоны арқылы алуға болады.