
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Қапшағай қаласы әкімдігінің ШЖҚ «Қапшағай су арнасы» МКК-ның суды таратушы желілер арқылы беру және сарқынды суды бұру қызметтеріне шығындық әдісін қолданумен тариф деңгейін және тарифтік сметасының жобасын талқылау бойынша жария тыңдауларды өткізеді.
2020 жылдың 5 наурызында сағат 14:00-де Қапшағай қаласы, Қойшыманов көшесі, 4 үй, «Қапшағай су арнасы» МКК-ның ғимаратында өтеді.
Жария тыңдауларға депутаттар, тәуелсіз сарапшылар, мемлекеттік органдардың, қызмет тұтынушылардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.
Анықтама телефоны: 8 (7282) 24 63 39.