
2020 жылғы 25 ақпаңда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті Науырзым ауданы әкімдігінің «Науырзым-сервис» ЖШС Буревестник ауылына жеңілдетілген тәртіпте (жаңа реттелетін қызмет) суды магистральдық құбыр жолдары және таратушы желілер арқылы беру қызметтеріне арналған тарифті және тарифтік сметаны бекіту туралы келіп түскен өтінім бойынша жария тыңдауды өткізді.
Алдағы өтетін жария тыңдау туралы ақпарат "Науырзым тынысы" газетінде 2020 жылдың 21 ақпанында жарияланды.
Департамент мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын жария тыңдауға қатысуға шақырады.
Науырзым ауданы әкімдігінің «Науырзым-сервис» ЖШС экономистi А.Б. Уразова тарифтің дәлелдігі жайында баяндама жасады.
Науырзым ауданы әкімдігінің «Науырзым-сервис» ЖШС суды магистральдық құбыр жолдары және таратушы желілер арқылы беру қызметтеріне арналған тарифтің жобасы ҚҚС-сыз 962,72 теңге/ текше метр құрайды. Науырзым ауданы әкімдігінің "Науырзым-сервис" ЖШС тарифінің жобасын, қоса беріліп отырған негіздеуші құжаттармен және есептермен, Департамент талдау жүргізу жолымен қарастырады.
Жария тыңдау кезінде айтылған пікірлер, өтінімді қарастыру кезінде ескеріледі.