Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен жұмыс сапасын жақсарту мақсатында, «Мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары» тақырыбында бірлескен семинар өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің қызметтегі ара-қатынастарындағы мінез-құлықтарымен мемлекеттiк қызметшiлердiң іскерлік этикеті және ресми мінез-құлық қағидаларын таныстыру. Соныменқатар, мемлекеттік қызметшілердің бұқаралық ақпарат құралдарымен ара-қатынасы және жария сөз сөйлеуі талқыланды.
Семинарға қатысушылар өзойларымен бөлісіп, іс-шараның нәтижесінде туындаған барлық сұрақтар бойынша түсіндірулер жүргізілді.