
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу Комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2019 жылғы 25 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Глубокое ауданының коммуналдық қызметтердің тұтынушылары үшін қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасары, ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысының м.а., табиғи монополия субъектерінің басшылары, «Nur-Otan» партиясы, қоғамдық кеңес және ауданның БАҚ өкілдері қатысты.
Қоғамдық қабылдауды өткізу кезінде тұтынушылармен табиғи монополия субъектілеріне қатысты ағымдағы мәселелер талқыланды, оған сәйкес тұжырымды жауаптар беріліп, қаралған мәселелер бойынша сәйкесінше тапсырмалар берілді.