Қызылжар ауданының Бескөл ауылында қоғамдық қабылдау жүргізілді

Қызылжар ауданының Бескөл ауылында қоғамдық қабылдау жүргізілді

2020 жылғы 25 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Қызылжар  ЖКХ» ЖШС,  «Базис Пром» ЖШС,  ДК «Жігер» табиғи монополиялар субъектілерімен бірлесіп, жергілікті атқару органдарының,  «Нұр Отан» партиясының, «Атамекен»  палатасының  Қызылжар аудандық филиалдарының өкілдерінің қатысуымен коммуналдық саланың мәселері бойынша қоғамдық қабылдау  жүргізді.

Қоғамдық қабылдауға барлығы 19 адам жүгінді.

Қабылдауға келгендердің сұрақтары негізінен  пешпен жылынатын үйлерді орталықтандырылған жылу су жүйесіне қосуға қатысты болды.

         Азаматтарды қабылдауға жүгінгендердің барлық сұрақтарына табиғи монополиялар субъектілерінің мамандары және Департамент басшылығымен нақты түсіндірмелер берілді.