
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті 2020 жылғы 25 ақпанда «Тұлпар» ЖШС-ның жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және (немесе) онымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке жеңілдетілген тәртіппен баға жобасын талқылау жөнінде жария тыңдау өткізді.
«Тұлпар» ЖШС-ның қызметі бойынша босату бағасының жобалық мөлшері ҚҚС-сыз 37 946,31 теңге/Гкал құрайды.
Жария тыңдауға «Тұлпар» ЖШС-ның тұтынушысы қатысты. Жария тыңдау Facebook парақшасында бейне-трансляция арқылы да өткізілді.
Өткізілген көпшілік тыңдауда айтылған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, Департамент түпкілікті шешім 2020 жылдың 10 наурызында қабылдайтын болады.