
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті «Г. С. Дуйсенова» ЖК-ның және «Эталон Авто Костанай» ЖШС-ның өтініштері негізінде жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және онымен жабдықтау қызметтер үшін төлем ақыны есептеу заңдылығы мәселесі бойынша «Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы» МКК-ның қызметіне жоспардан тыс тексеру ашты.