Қарағанды облысының Шет ауданында «Электржабдықтау» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізіледі

Қарағанды облысының Шет ауданында «Электржабдықтау» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізіледі

2020 жылғы 2 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Электржабдықтау» ЖШС-ның Шет ауданына қарасты, Акшатау кенті, Жарылғап батыр, Акжартас ауылдарына суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне бағаның алдағы уақытта өсетіні туралы хабарландыруды қарастыру бойынша жария тыңдау өткізілетіндігін хабарлайды.

Өтініш Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министірі 2019 жылғы 19 қарашадағы №90-НҚ бұйрығы тарифтерді белгілеу Ережесiне сәйкес ұсынылған.

Жария тыңдау келесі мекенжай бойынша өткізіледі:

-       2020 жылы  2 наурызы сағат 10-00-де  Қарағанды облысы, Шет ауданы, Акжартас ауылы, медпункт ғимаратында.

-       2020 жылы 2 наурызы сағат 12-00-де Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақшатау ауылы, «Ақшатау кенті әкімі аппаратнын» мемлекеттік мекемесі ғимараты.

Жария тыңдауға қатысуға мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік органдар, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдары, табиғи монополиялар субъектілері шақырады.

Департаменттың байланыс телефоны: 8 (7212) 41-18-27, 41-34-24.

«Электржабдықтау» ЖШС -нің байланыс телефоны : 8(71033)2-76-98.