Қарағанды облысының Қушықы ауылында «Ботакара Жылу» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізіледі

Қарағанды облысының Қушықы ауылында «Ботакара Жылу» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізіледі

2020 жылғы 4 наурызда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті «Ботакара Жылу» ЖШС-ның тарифті және тарифтік сметаны бекітуге ұсынған өтініміне сәйкес, жылу энергиясын өндіру, беру,тарату және (немесе) онымен жабдықтау, суды таратушы, сарқынды суларды бұру және онымен жабдықтау қызметіне тариф және тарифтік сметаларының жобасын қарауға байланысты  жария тыңдау өткізілетіндігін хабарлайды.

Өтініш, тарифтердi оңайлатылған тәртiппен бекiту туралы, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министірі 2019 жылғы 19 қарашадағы №90-НҚ бұйрығы тарифтерді белгілеу Ережесiне сәйкес ұсынылған.

Жария тыңдау 2020 жылғы 4 наурыз айында сағат 12.00-де келесі мекенжай бойынша өткізіледі: Қарағанды облысы, Қушықы ауданы, Горняцкая 14 үй.

Жария тыңдауға қатысуға мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік органдар, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар, бұқаралық ақпарат құралдары, табиғи монополиялар субъектілері шақырады.

Департаменттың байланыс телефоны: 8- (7212) 41-18-27, 41-34-20.

«Ботакара Жылу» ЖШС-ның байланыс телефоны : +7(702)421-42-96.