Батыс Қазақстан облысының департаменті Федоровка ауылында тұтынушылардың қоғамдық қабылдауын өткізді

Батыс Қазақстан облысының департаменті Федоровка ауылында тұтынушылардың қоғамдық қабылдауын өткізді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды  реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 24 ақпанда жергілікті атқарушы орган және табиғи монополия субъектілері өкілдерімен бірлесіп, тұтынушылардың қоғамдық қабылдауын Федоровка ауылында өткізді.

Қабылдауды Департамент басшысының міндетін атқарушысы Оралбек Кулмурзин жүргізді.

Қоғамдық қабылдауға Федоровка ауылының тұрғындары (3 адам) келіп, табиғи монополия субъектілерімен көрсетілетін қызметтер бойынша төмендегідей сұрақтар қойды:

1.  2019 жылғы желтоқсан айы салқын болды, алайда 2020 жылғы қаңтар айында ауа райы жылы болса да газды пайдаланғаны үшін желтоқсанмен салыстырғанда көп төледім, осы дұрыс па?

2.  «КазТрансГазАймақ» АҚ-ы тауарлық газды өткізу қызметіне шарт жасасу кезінде айырылып қалған пайданы өтеуді талап етеді, осы заңды ма?

3.  Теректі ауданы бойынша судың бекітілген тарифінің мөлшері қандай?

Тұтынушыларды қабылдауға Теректі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, «Теректі таза су» ЖШС-нің, «Теректі үй жөндеу» ЖШС-нің, «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ-ның, «Қаз Транс Газ Аймақ» АҚ БҚӨФ-ның өкілдері қатысып, қойылған сұрақтар бойынша жауап беріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.