Ақмола облысының департаменті Зеренді ауылының тұтынушыларына қоғамдық қабылдауы өткізді

Ақмола облысының департаменті Зеренді ауылының тұтынушыларына қоғамдық қабылдауы өткізді

2020 жылғы 21 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Сабыржан Азамат Мауленұлы Зеренді ауданының Зеренді ауылында қоғамдық қабылдау өткізді, оған Зеренді ауданы әкімінің орынбасары Р. К. Ғабдуллина, аудандық мәслихат депутаты И. П. Поздняков, "Зерен" газетінің өкілі Б. Б. Ақтанов, Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы С. И. Занегина және табиғи монополиялар субъектілері қатысты.

Тұтынушыларды қабылдау барысында электр, су және жылу мен қамтамасыз ету қызметтері ұсынуға қатысты мәселелер айтылды.

Барлық түскен сұрақтарға Департамент басшысының орынбасары Сабыржан Азамат Мәуленұлы толық жауап берді.

Сонымен қатар, екі мекен жайға шығу жүзеге асырылды: Зеренді ауданының Зеренді ауылындағы Горький көшесі 96, онда Р. С. Сатвалдинов азаматы тұрады, Зеренді ауылындағы Горький көшесі 86, онда С.Ж. Есенбеков азаматы тұрады.