Еңбекшіқазақ ауданының Ават ауылында «Тумир» ӨК-ның өтінімі бойынша жария тыңдаулар өткізілді

Еңбекшіқазақ ауданының Ават ауылында «Тумир» ӨК-ның өтінімі бойынша жария тыңдаулар өткізілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті «Тумир» ӨК-ның суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне тарифтері және тарифтік сметаларды бекіту  өтінімін қарау бойынша жария тыңдаулары 2020 жылғы 21 ақпанында Еңбекшіқазақ ауданы Ават ауылында өткізді.

Жария тыңдауларына қызмет тұтынушылар, жергілікті атқарушы органның өкілдері қатысты.

«Тумир» ӨК-ның Директоры Кайрлапов М.У. тарифтің дәлелдігі жайында баяндама жасады.

Суды таратушы желілер арқылы беру қызметі бойынша  тарифтің жобасы 170,00 теңге/м3 құрайды,  ҚҚС-сыз.

Өтінімді қарастыру кезінде, жария тыңдау кезінде айтылған пікірлер ескеріледі.