
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті табиғи монополия субъектілерімен бірлесіп, табиғи монополия субъектілерімен көрсетілетін қызметтер саласындағы проблемалық мәселелер бойынша тұтынушыларға қоғамдық қабылдау өткізеді.
Тұтынушылар үшін қабылдау 2020 жылдың 3 наурызында сағат 15:00-де мына мекенжайда өтеді: Көксу ауданы, Балпық би селосы, "Нұр Отан" партиясы филиалынын әкімшілік ғимараты, Мырзабекова көшесі, 29.
Осыған байланысты, Департамент Көксу ауданының тұрғындарын және басқада мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.
Әрбір қатысушы тұтынушы ретінде өзінің құқықтары туралы және мәселерді шешу жолдары бойынша түсіндірме алуға болады.
Анықтама үшін телефон: 8 (7282) 24-26-80.