
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаменті ұйымдастырған «Мейірімділік жүректен» эстафетасына қатысты.
Эстафетаның аясында Департамент қызметкерлері үш баланы (олардың екеуі мүгедек) тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана Сәния Ахметжановаға көмек көрсетті.
Отбасына азық-түлік түрінде материалдық көмек көрсетілді.