Қызылорда облысында «Нұра топтық су кубыры» РМК-ның «Арал» СЖКБД» филиалының өтінімі бойынша жария тыңдау өткізілді

Қызылорда облысында «Нұра топтық су кубыры» РМК-ның «Арал» СЖКБД» филиалының өтінімі бойынша жария тыңдау өткізілді

2020 жылғы 21 ақпанда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті «Нұра топтық су кубыры» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Арал» салынып жатқан кәсіпорындардың  біріккен дирекциясы» филиалының онайлатылған тәртіппен бекітуге берген жобалық тарифтерін талқылау бойынша жария тындау өткізді.

         Субъектінің жобалық тарифтердің мөлшерлері 1 текше метрге ҚҚС-сыз суды магистралдық құбыржолдары арқылы беру қызметіне- 708,05 теңге, таратушы желілер арқылы беру қызметіне -513,07 теңге, сарқынды суды бұру қызметіне- 425,93 теңгені құрайды.

Тыңдауға мәслихаттың депутаттары, жергілікті басқару органдардың, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, облыстық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, тұтынушылар қатысты.

Субъектімен ұсынылған жобалық тарифтерінің негізділігі бойынша баяндамамен мекеменің директорының орынбасары Е.Қуандықов  сөз сөйледі.

Қазіргі кезде Департамент мамандарымен тарифтердің жобасы бойынша ұсынылған негіздеуші құжаттарға түпкілікті сараптама жүргізілуде.

Департамент соңғы шешім қабылдау кезінде жария тыңдауда айтылған барлық ұсыныстар мен пікірлерді ескеретін болады.