
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті «Балхаш таза су» МКМ-ның Балхаш ауданында көрсететін суды таратушы желілер арқылы беру және сарқынды суды бұру қызметтеріне тарифтері және тарифтік сметаларды бекіту өтінімін қарау бойынша жария тыңдаулары 2020 жылғы 18 және 19 ақпанында өткізді.
Жария тыңдауларына қызмет тұтынушылар, жергілікті атқарушы органның өкілдері қатысты.
«Балхаш таза су» МКМ-нің есепшісі Кайымова Г.Е. тарифтің дәлелдігі жайында баяндама жасады.
Суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне ауылдары бойынша тарифтің жобасы Қараой, Көктал, Көкжиде, Ақкөл, Ақжар, Үшжарма, Жиделі, Балатопар, Топар, Желтораңғы, Аралтөбе, Миялы, Бақбақты, Бірлік, Береке, Бура, Бояулы, Ақдала, Бақанас ауылдары бойынша тарифтің жобасы 197,15 теңге/м3 құрайды, ҚҚС-мен. Суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне Құйған ауылы бойынша тарифтің жобасы 98,36 теңге/м3 құрайды, ҚҚС-мен. Сарқынды суды бұру қызметіне тарифтің жобасы 372,42 теңге/м3 құрайды, ҚҚС-мен.
Өтінімді қарастыру кезінде, жария тыңдау кезінде айтылған пікірлер ескеріледі.