Шарбақты ауданының Орловка ауылында «Победа» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтті

Шарбақты ауданының Орловка ауылында «Победа» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтті

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 21 ақпанда Павлодар облысындағы Шарбақты ауданының Орловка ауылында «Победа» ЖШС-ның жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және жабдықтау қызметіне арналған табиғи монополия субъектінің тарифтік жобасын және тарифтік сметасын талқылау бойынша жария тыңдау өткізді.   

Жария тыңдауға тұтынушылар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдарының, табиғи монополиялар субъектілерінің және өзге де мүдделі тұлғалардың өкілдері қатысты.

«Победа» ЖШС-ның директоры өз сөзінде жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және жабдықтау қызметіне арналған тарифтің болжамды жобасын нақты және негіздей түсіндірді.   

Қабылданған шешімнің қорытындысы бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын болады.