ҚР ҰЭМ Комитетінің басшылығы қоғамдық қабылдау барысында Атырау мен Сарыағаш тұрғындарының сұрақтарына жауап берді

ҚР ҰЭМ Комитетінің басшылығы қоғамдық қабылдау барысында Атырау мен Сарыағаш тұрғындарының сұрақтарына жауап берді

Бүгін, 21 ақпанда Атырау қаласында және Сарыағаш қаласында қоғамдық қабылдаулар өтті.

Атыраулық коммуналдық қызметтер тұтынушыларын ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшысы Асан Дарбаев өзі тыңдады.

Атырау қаласының тұрғыны Ким Марина Комитет төрағасына бүкіл республика бойынша электр энергиясының өсуіне қатысты сұрақ қойды.

Осы мәселе бойынша Асан Дарбаев өтініш білдірген тұрғынға Атырау және жалпы ел бойынша электр энергиясының тарифін көтеру себептерін түсіндірді.

Сондай-ақ, азаматтар қабылдауға қатысқан табиғи монополия субъектілеріне де сұрақтар қоя алды.

«Маған қаңтар айында өткен жылдың желтоқсан айына қарағанда 30% артық төлем есептеді. Тариф өзгермесе де және бүкіл дерлік қаңтар күні жоғары температура болды, ал үйдің тұрғындары тіпті жылуды тоқтатқан болатын. Оның себебі неде?»,- «АЖЭО» АҚ-ның өкілдерінен сұрады азаматша София Тәженова.

«АЖЭО» АҚ-ның өкілдері Таженова тұратын тұрғын үйде орналасқан жылу есептегіштері бойынша толық түсінік берді.

Кездесу соңында Комитет төрағасы келгендердің әрқайсысын тыңдап, тиісті түсініктемелер берді, ал қосымша шешімді талап ететін мәселелер ерекше бақылауға алынды.

Қабылдау қорытындысы бойынша ведомство басшысы облыстық департамент басшылығына тиісті тапсырмалар берді.

Дәл осы күні, тек Сарыағаш қаласында тұтынушылардың мәселелерін ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Ибрайханов тыңдады.

Қоғамдық қабылдауға 130-дан астам тұтынушы өтініш білдірді, олардың сұрақтары коммуналдық қызметке қатысты, атап айтқанда «Сарыағаш Тұрмыс» МКК-ның тарифі, аудандағы ескі газ құбыры құбырларын ауыстыру, Ақниет ауылын газбен жабдықтау жүйесіне қосу, Қазыбек би көшесіндегі су қысымы төмен және тіпті коммуналдық қызметтерді төлеу үшін тегін кассаның болмауы және ескі бағандарды ауыстыру және басқа да мәселелер бойынша сұрақтар қойылды.

Мысалы, Сарыағаш қаласының тұрғыны Акпаева Бейсенкул коммуналдық қызметтерді төлеу кезінде ардагерлерге, зейнеткерлерге, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларға жеңілдіктер қарастырылған ба, сондай-ақ электр энергиясына тарифті көтерудің негізгі себептері туралы сұрақ қойды.

Комитет төрағасының орынбасары тұрғындарға елдегі электр бағасының өзгеруінің негізгі себептері туралы, соның ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м. а. 2019 жылғы 23 қыркүйектегі №313 бұйрығына сәйкес энергия өндіретін ұйымдардың тарифтерінің өсуі негізгі себебі болып табылатын айтып берді.

Ерболат Ибрайханов өтініш білдіргендердің әрқайсысына нақты түсінік беріп, кейбір сұрақтарды өз жеке бақылауына алып, Түркістан облысы департаментінің басшылығына қысқа мерзімде аталған мәселелерді шешуді тапсырды.