
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті Ақтөбе облысының прокуратурасымен бірлесе жүргізілген талдау нәтижелері бойынша, 2019 жылғы 11 ақпандағы №19-НҚ «Казсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны Ақтөбе филиалының тіреуші гидротехникалық ғимараттардың көмегімен үстіңгі ағынды реттеу қызметіне 2020 жылдың 1 наурызынан бастап, 1 жыл қолданыс мерзіміне 0,39 теңге/м3 ҚҚС-сыз тарифтің шекті деңгейі енгізілді. Сонымен қатар тұтынушылар тобы бойынша сараланған тарифтер деңгейлері келесідей бекітті (ҚҚС есебінсіз):
- ауыл шаруашылығы тұтынушылары тобы үшін 0,54 теңге/тиын/м3;
- өнеркәсіптік кәсіпорындар тобы үшін 0,96 теңге/тиын/м3;
- басқа кәсіпорындар тобы үшін 0,36 теңге/тиын/м3;
- жайылма суару тобы үшін 0,20 теңге/тиын/м3.