Мирас Мақсетұлы Зеріпбаев 2015 жылы Алматы энергетика және байланыс университетінің «Техника және технологиялар» бакалавры, 2017 жылы Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық-зерттеу университетінің «Электроэнергетика», ал 2020 жылы Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Экономика және бизнес» бакалавры мамандықтары бойынша оқу бітірген.
Еңбек жолын 2015 жылы «Авислогистик» ЖШС-ның қарапайым экспедиторынан бастаған. 2016 жылдан 2017 жылға дейін «Электрокабель зауыты» ЖШС-да электромонтер болып жұмыс істеді.
2017 жылдан 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің орталық аппаратында жұмыс істеп, Электр энергетикасы саласын реттеу басқармасының сарапшысы және бас сарапшысы лауазымдарын атқарды.
2020-2021 жылдары ҚР ҰЭМ ТМРК Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Содан кейін ҚР ҰЭМ ТМРК Алматы қаласы бойынша аумақтық бөлімшесінде басшының орынбасары лауазымында 2021 жылдан 2022 жылға дейінгі мерзімде қызметте болды.
2022 жылғы мамырдан бастап осы уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы болды.