Түркістан облысының департаменті өз қызметкерлері арасында семинар өткізді

Түркістан облысының департаменті өз қызметкерлері арасында семинар өткізді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері өздерінің жұмыс сапасын жақсарту мақсатында, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі» тақырыбында бірлескен семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты - мемлекеттік қызметтің негізгі   қағидалары мен мемлекеттiк қызметшiлердiң негiзгi мiндеттерi таныстыру.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары талқыланды.

Семинарға қатысушылар өз ойларымен бөлісті, және іс-шараның нәтижесінде туындаған барлық сұрақтар бойынша түсіндірулер берілді.