
Ағымдағы жылдың 21 ақпанында сағат 12.00-де Атырау облысындағы Атырау қаласында тұтынушылардың қоғамдық қабылдауы өтеді.
Қабылдау ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің басшысы Асан Дарбаевтың қатысуымен өтеді.
Комитет төрағасы облыстық департамент басшылығымен және табиғи монополия субъектілерінің өкілдерімен бірлесіп, ТКШ саласы бойынша тұтынушылардың проблемаларын тыңдайды.
Тұтынушылардың қоғамдық қабылдауы Атырау облыстық департаментінің қабырғасында өтеді, ол Атырау қаласы, Б. Құлманов көшесі, 156 А мекенжайында орналасқан.
Толығырақ ақпаратты 8 (7122) 21-34-37, 30-60-48 телефондар арқылы алуға болады.
Дәл сол күні, тек Түркістан облысының Сарыағаш қаласында азаматтардың қоғамдық қабылдауы өтеді, онда жылу, электр, газ, сумен жабдықтау саласындағы проблемалық мәселелерді ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті төрағасының орынбасары Ерболат Ибрайханов тыңдайды.
Қоғамдық қабылдау 2020 жылғы 21 ақпан күні сағат 11.00-де Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласы, Мәдениет үйі, Шора ауылы көшесі, 44а мекенжайында өтеді.
Толық ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7253) 34-25-50.