Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті «Шатл» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізеді

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті «Шатл» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізеді

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті «Шатл» ЖШС-ның бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда, жылжымалы құрамның өтуі үшін кірме жолды беру қызметіне тарифтерді мен тарифтік сметаларды бекітуге берілген өтінімді талқылау бойынша жария тыңдау өткізеді.

Жария тыңдау  2020 жылғы 2 наурыз күні, сағат 11:00 Нұр-Сұлтан қаласы, Петров көшесі 5 үйінде өтеді.

Осыған байланысты, Департамент ҚР Парламентінің, мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және табиғи монополиялар субъектілерін ашық жария тыңдауға қатысуға шақырады.

Анықтама үшін телефон: (87172) 49-69-43.