
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы№90-НҚ бұйрығымен бекітілген тарифтерді қалыптастыру қағидаларының талаптарына сәйкес құжаттар тізімін толық ұсынбауына байланысты «Мақтаарал» КШТК-ның суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне төтенше реттелетін шаралар ретінде ұсынылған тарифі мен тарифтік сметасын бекітуге арналған өтінімін қараудан бас тартты.