Сотта «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қызылордалық филиалының Департамент бұйрығының күшін жою жөніндегі талап арызы қаралды

Сотта «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қызылордалық филиалының Департамент бұйрығының күшін жою жөніндегі талап арызы қаралды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2019 жылғы 22 қарашадағы бұйрығымен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қызылорда өндірістік филиалының тауарлық газды газ таратушы жүйелері арқылы тасымалдау қызметіне 2020 – 2025 жылдарға тариф және тарифтік смета бекітілген.

Алайда, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қызылорда өндірістік филиалы аталған Департамент бұйрығының күшін жою туралы талап арыз берді.

Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2020 жылғы 6 ақпандағы №4360-19-00-2/3341 шешімімен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ның Қызылорда өндірістік филиалының талабы қанағаттандырусыз қалдырылды.