
2020 жылғы 17 ақпаңда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті Қостанай қаласында «Агромашхолдинг KZ» АҚ-ның бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда, жылжымалы құрамының өтуі үшін, кірме жолды беру қызметтеріне тариф деңгейінің жобасын қарау бойынша жария тыңдаулар өткізді.
Жария тыңдауға тұтынушылар қатысты.
«Агромашхолдинг KZ» АҚ-ның Экономика және қаржы жөніндегі вице-президентi Ким С.В. тарифтің жоғарлау дәлелдігі жайында баяндама жасады.
Бәсекелес кірме жолы болмаған жағдайда, жылжымалы құрамының өтуі үшін кірме жолды беру тарифтің жобасы ҚҚС-сыз 988,69 теңге/вагон-км құрайды.
Жария тыңдау кезінде айтылған пікірлер, өтінімді қарастыру кезінде ескеріледі.