
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментібұдан бұрын «Победа» ЖШС-ның жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және жабдықтау қызметіне тариф және тарифтік смета жобасын қарау жөнінде жария тыңдау ағымдағы жылдың 18 ақпанында өтетінін хабарлаған болатын.
Аталған жария тыңдау техникалық ақаулар бойынша 2020 жылғы 21 ақпан күніне ауысты және сағат 1200-де Шарбақты ауданы, Орловка ауылы, 1 май көшесі, 33 (мәжіліс залы) мекенжайында өтетінін хабарлайды.
Осыған байланысты, Департамент Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын, табиғи монополиялар субъектілерін және өзге де мүдделі тұлғаларды ашық жария тыңдауға қатысуға шақырады.
Анықтама үшін телефон: 8 (7182) 325585, «Победа» ЖШС - 8 (71836) 29795.