«Энергосервис» ЕЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізілді

«Энергосервис» ЕЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 18 ақпанда Қызылорда қаласында «Энергосервис» ЕЖШС-ның электр энергияның алдағы уақытта шекті бағасының өзгеретіні туралы хабарламамен ұсынылған бағалардың жобасын талқылау бойынша жария тыңдау өткізді.                 

         «Энергосервис» ЕЖШС-ның тұтынушылар үшін электр энергиясымен жабдықтау қызметінің жобалық босату бағасының мөлшері ҚҚС-сыз 1 кВт/сағатқа 17,43 теңге құрады.

         Жария тыңдауға қалалық мәслихат депутаты, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, облыстық кәсіпкерлер палатасының, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ тұтынушылар қатысты.

Өткізілген жария тыңдауда айтылған сын-ескертпелерді, ұсыныс-пікірлерді ескере отырып, Департаментпен түпкілікті шешімді 2020 жылдың 28 ақпанында қабылдайды.