Жамбыл облысында тұтынушылардың қоғамдық қабылдауы өткізілді

Жамбыл облысында тұтынушылардың қоғамдық қабылдауы өткізілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысы  Ерболат Дүйсембиев  ЖАО, «Нұр Отан» партиясы, «Атамекен» ҰКП, ТМС және БАҚ өкілдерінің  қатысуымен  2020 жылғы 17 ақпан күні қоғамдық қабылдауын өткізді.

Қоғамдық қабылдау барысында электр қуатымен, газбен, сумен және жылумен жабдықтау қызметтеріне қатысты сұрақтар қойылды.

Қоғамдық қабылдауда 4 адам қатысты.

Барлық келіп түскен сұрақтар бойынша департамент басшысы Ерболат Дүйсембиев толық жауап берді.