
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті 2020 жылдың 14 ақпанында «Asia Logistic LTD» ЖШС-ның бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметіне және бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды ұсыну қызметінің жеңілдетілген тәртіппен бағаның жобасын талқылауы бойынша қоғамдық тыңдау өткізді.
«Qazaq Joldary» ЖШС-ның тұтынушылар үшін бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну қызметінің жобалық босату бағасының мөлшері ҚҚС-сыз 24 751,72 теңге/ваг-км құрайды, сондай-ақ бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды ұсыну қызметінің жобалық босату бағасының мөлшері ҚҚС-сыз 1 090,18 тг/ваг-сағат құрайды.
Алайда тұтынушылар жария тыңдауға қатысқан жоқ, өйткені келмеді.
Департамент түпкілікті шешімді 2020 жылдың 24 ақпанында қабылдайды.