
2020 жылғы 17 ақпанда ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысы Булат Танабергенов «Antikor ortalygy»-да азаматтардың жеке қабылдауын өткізді.
Жеке қабылдау өткізу барысында 2 тұтынушы жылумен және ыстық сумен жабдықтау үшін төлемді есептеу, теңгерімдік тиесілілікті шектеу актісіне сәйкес, электр энергиясының коммерциялық есептеу құралын ауыстыру бойынша сұрақтармен жүгінді.
Өткізілген іс-шараның қорытындысы бойынша тұтынушылардың барлық сұрақтарына толық жауаптар берілді.