Алматы қаласында «Qazaq Joldary» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтті

Алматы қаласында «Qazaq Joldary» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өтті

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті 2020 жылдың 14 ақпанында «Qazaq Joldary» ЖШС-ның бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметіне жеңілдетілген тәртіппен бағаның жобасын талқылауы бойынша қоғамдық тыңдау өткізді.

«Qazaq Joldary» ЖШС-ның тұтынушылар үшін бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну қызметінің жобалық босату бағасының мөлшері ҚҚС-сыз 12 369,62 теңге/ваг-км құрайды.

Жария тыңдауға тұтынушылар қатысты.

Өткізілген жария тыңдауда айтылған сын-ескертпелерді, ұсыныс-пікірлерді ескере отырып, Департамент түпкілікті шешімді 2020 жылдың 24 ақпанында қабылдайды.