
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті 2020 жылдың 14 ақпанында «Скиф Трейд» ЖШС-ның бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметіне жеңілдетілген тәртіппен бағаның жобасын талқылауы бойынша қоғамдық тыңдау өткізді.
«Скиф Трейд» ЖШС-ның тұтынушылар үшін бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну қызметінің жобалық босату бағасының мөлшері ҚҚС-сыз 14 011,27 теңге/ваг-км құрайды.
Жария тыңдауға тұтынушылар қатысты.
Өткізілген жария тыңдауда айтылған сын-ескертпелерді, ұсыныс-пікірлерді ескере отырып, Департамент түпкілікті шешімді 2020 жылдың 24 ақпанында қабылдайды.
Жария тыңдау Департамент басшысының Facebook парақшасында да бейне-трансляция арқылы өткізілді.