Алматы қаласында «Асар ЖОЛ» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізілді

Алматы қаласында «Асар ЖОЛ» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізілді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті 2020 жылғы14 ақпанда «Асар ЖОЛ» ЖШС-ның бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсынатын реттеліп көрсетілетін қызметіне және бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды ұсыну қызметінің жеңілдетілген тәртіппен бағаның жобасын талқылауы бойынша қоғамдық тыңдау өткізді.

«Асар ЖОЛ» ЖШС-ның тұтынушылар үшін бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда жылжымалы құрамның жүруі үшін кірме жолды ұсыну қызметінің жобалық босату бағасының мөлшері ҚҚС-сыз 12507,44 теңге/ваг-км құрайды, сондай-ақ бәсекелес кірме жол болмаған жағдайда тасымалдау процесінің технологиялық операцияларында көзделмеген маневрлік жұмыстар, тиеу-түсіру, жылжымалы құрамның тұрағы үшін кірме жолды ұсыну қызметінің жобалық босату бағасының мөлшері ҚҚС-сыз 1338,29 тг/ваг-сағат құрайды.

Жария тыңдауға Нур Отан партиясы, «Атамекен» ҰКП өкілдері, қоғамдық бірлестіктер мен тұтынушылар қатысты.

Өткізілген жария тыңдауда айтылған сын-ескертпелерді, ұсыныс-пікірлерді ескере отырып, Департамент түпкілікті шешімді 2020 жылдың 24 ақпанында қабылдайды.