Павлодар облысының департаменті «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізеді

Павлодар облысының департаменті «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдау өткізеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті 2019 жылғы 26 ақпанда сағат 15.00-де «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС-ның жылу энергиясын өндіру, беру және тарату қызметіне арналған тариф жобасын қарау жөнінде жария тыңдау өтетінін хабарлайды.   

Жария тыңдау мына мекенжайда өткізіледі: Павлодар облысы, Екібастұз қаласы, М. Әуезов көшесі, 153.  

Осыған байланысты, Департамент Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын, табиғи монополиялар субъектілерін және өзге де мүдделі тұлғаларды ашық жария тыңдауға қатысуға шақырады.

Анықтама үшін телефон: 8 (7182) 616-097; «Экибастузтеплоэнерго» ЖШС - 8 (7187) 28-05-60.